Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Өзіңізге көп көңіл бөліңіз. Су процедуралары стрессті жеңілдетуге және демалуға мүмкіндік береді. Түрлі ем қабылдап, өз өзіңізге демалыс жариялаңыз.
Торпақ
Сіздің күніңіз емес. Қызметте төтенше жағдай туындайды. Барлығын бірден шешпеңіз, бір бағытта әрекет етіңіз.
Егіздер
Керемет күн. Зеректігіңіздің арқасында мақсатқа жетудің оңай, әрі, жеңіл жолын табасыз. Көп адамдар сізге көмектескісі келеді. Бірақ «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген қағиданы естен шығармаңыз. Жеке бастың шаруасы мен жұмысты араластырмаңыз.
Шаян
Достарыңызбен кездесуге қолайлы күн. Серіктестер тарапынан болған ұсыныстар сіздің болашақ өміріңізді жоспарлауға негіз болады. Отбасылық жылжымайтын мүлікке қатысты туыстарыңызбен жан жалға жол бермеңіз.
Арыстан
Отбасылық өмір Арыстандарға қиындық тудыруы мүмкін. Сіздің энергияңыз жақын адамдарыңызға қажет. Жақындарыңыздан алғыс күтпеңіз, тек солар үшін өмір сүріңіз.
Бикеш
Бүгін Бикештер беделді адамдармен кездеседі, кешке құпия табынушыларымен демалады. Демалуға қолайлы уақыт, бірақ шамаңызды біліңіз.
Таразы
Туыстарыңызбен, достарыңызбен, көршілеріңізбен қарым-қатынасыңызды түзеңіз. Араларыңызда дау туындайды.
Сарышаян
Қоғаммен тіл табысу қасиетіңіз жоғары. Алайда келіссөздер мен келісімдер кезінде сақ болғаныңыз жөн.
Мерген
Бүгін қиын тапсырмалардың өзін оңай орындай аласыз. Бұл күні болашағыңыздың іргетасын қалайтын күн. Алға қойған жоспарлар жұмысқа да, отбасылық жағдайға да қатысты болмақ.
Тауешкі
Сенім артқан кейбір жобаларыңыз оң нәтиже бермеуі мүмкін. Оған бола көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Дегенмен жоба жүзеге аспағандықтан, қолыңызда бар қаражатты үнемдеп жұмсаңыз.
Суқұйғыш
Жан-жалдың алдын алыңыз, тап болған жағдайда бейбіт келісімге келуге тырысыңыз. Оған сіздің білім деңгейіңіз де парасат паймыңыз да жетеді.
Балықтар
Көптеген кішігірім және шұғыл мәселелер сізге дұрыс таңдау жасауға кедергі болады. Таңдау кезінде қиындықтарды ескере отырып, сіз өзіңіздің мәселелеріңізді тек сізді түсінетін серіктестермен шеше аласыз. Жақын достарыңызды бұл іске араластырмаңыз, өйткені достық қатынаста қаржылық жағдай үйлеспейді.