Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболхан мен Бибігүлден 5 млн теңгеден талап етіп отыр
Жақында Ләйлә Сұлтанқызының әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа бергені белгілі болды. Соттың бірінші отырысы да өтіп үлгерген. Қазір Ләйлә Сұлтанқызының Нұрболхан мен Бибігүлден әрқайсынан 5 млн теңгеден талап етіп отырғаны белгілі болды. Бұл туралы Бибігүлдің қорғаушысы Ревю бағдарламасында айтты.
Ал Ләйлә Сұлтанқызының қорғаушысынан: «Жеке тұлғалар әлеуметтік желідегі аудиториясын ұлғайту мақсатында пиярға қол жеткізу үшін Сеңгірбекова Ләйлә Сұлтанқызының абыройы мен ар-ожданына нұқсан келтіретін пікірін әлеуметтік желі арқылы таратқан»-деген жауап келген.
Қорғаушы сондай-ақ Ләйлә Сұлтанқызының бұл соманы қайырымдылыққа жұмсайтынын да жеткізген.