Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 30 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Қалтаңыздағы қаражатыңыз азайып, көңіл-күйіңіз болмайды. Айналыңыздағы адамдардан қарыз сұрауға намыстанасыз. Өзгелерден ақша алмауға тырысасыз. Алайда жақындарыңыздан көмек сұрауға болады.
Торпақ
Егер отбасылы жан болсаңыз күніңіз керемет өтеді. Бірақ бүгін өз сөзіңізге жауап беруге тура келеді. «Айтылған – сөз, атылған – оқ» екенін ұмытпаңыз. Сондықтан абайлап сөйлеп, анық басыңыз.
Егіздер
«Сақтансаң, сақтаймын» дейді. Әр қадамыңызды сақ басып, абай болыңыз. Тек сенімді адамдарға ғана қарыз бергеніңіз дұрыс. Не болмаса артық ақшаңызды өз рахатыңызға жұмсаңыз.
Шаян
Бүгін жұмысты да орындап, жеке мәселеңізді де шеше аласыз. Жан-жақтылығыңыздың арқасында біраз шаруаны тындырасыз. Айналаңыздағы адамдар сізге қызыға қарайтын болады.
Арыстан
Өз ісіңізге мығымсыз. Сондықтан жұмыста қысқарып қаламын деген ойдан аулақ болыңыз. Егер басыңыз бос болса, екінші жартыңызды жолықтырасыз. Ал отбасылы болсаңыз бүгін өмірлік серігіңіз таңқалдыратын болады.
Бикеш
Бүгін барлығы өзіңіз ойлағандай болмайды. Барлығына сіздің жалқаулығыңыз кінәлі. Егер батылдылық танытып, жұмысқа ден қойсаңыз, жұмысыңызды соңына дейін жеткізе аласыз. Ойланыңыз.
Таразы
Бұрын атқарған жұмыстарыңыздың жемісін көресіз. Үй салу немесе отбасы құруды жоспарласаңыз, барлығына мұқият болыңыз. Мақсатқа жетуге нық қадам бассаңыз, өзгелердің қызғанышын тудыратындай әрекет етпеңіз.
Сарышаян
Мақсатқа жету оңай емес, бірақ табандылық танытар болсаңыз ойыңыздағы орындалады. Есіңізде болсын, бүгін тек өзіңіз сенетін адамдарға ғана сенім артыңыз. Әйтпесе, әлдекімдер алдап кетуі мүмкін.
Мерген
Кәсіби тұрғыда біліктілігіңіз артады. Жұмыста өз құзыретіңізді толық пайдаланасыз. Бүгін тіл табыса алмай жүрген адаммен ымыраға келесіз. Өзіңіз ақылға қонымды мінез-құлық танытсаңыз, жолыңыз әркез болады.
Тауешкі
Бүгін ұсақ-түйекке аса мән беруіңізге тура келеді. Сонда ғана жағымсыз жайттар орын алмайды. Бүгіннен бастап зиянды әдеттеріңізден арылуға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Суқұйғыш
Бүгін тек өз дегеніңізбен жүресіз. Бірақ жағымсыз тұстарыңызды жұртқа аңғартып қоюыңыз мүмкін. Мәселен, тез ренжіп қалу, ұсақ-түйекке мән беру сынды жағымсыз мінезіңіз айналаңыздағыларға ыңғайсыз көрінеді.
Балықтар
Достарыңыздың арқасында үмітіңіз ақталады. Серіктестермен бірігіп жұмыс жасау өз пайдасын әкеледі. Өз күшіңізге сеніп, өзіңізді жоғары бағалаудан сақтаныңыз. Бұл мақсатқа жетуге кедергісін келтіруі мүмкін.