29 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
2009 жылғы 30 қазанда Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды. Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Беларусь, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Араб Әмірлігі, Тәжікстан, Түрікменстан, Жапония және басқа елдер бар.
Семей ядролық полигонының жабылған күні
ҚР Президентінің 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.
1947 жылы Қызылорда облысында Тасбөгет ауылдық кеңесі құрылды.
1949 жылы Семей полигонында Кеңес Одағындағы тұңғыш ядролық қару сынақтан өткізілді.
1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Полигон жабылғаннан кейін ондағы барлық нысандар және үш ядролық реактор Қазақстан Республикасының меншігіне өтті.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін құру туралы» Жарлығы жарияланды.
2018 жылы Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» облыстағы қоғамдық кеңес мүшелерінің форумы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева қатысты. Сондай-ақ, облыстық мәслихат, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшылары да өз ой-пікірлерін ортаға салды.