27 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
Банан - әлемдегі ең танымал жемістердің бірі. Орта есеппен Жер бетіндегі әр адам бір жыл ішінде 15 келідей (100 данаға жуық) банан жейді.
1958 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында ауыл шаруашылы механикаландыру училищесі ашылды.
1992 жылы Алматыдағы Кино үйінде А.Әшімовтың «Елім-ай» киностудиясы түсірген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» фильмінің премьерасы болды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды.
2013 жылы ҚР Ұлттық банкі номиналы 500 теңгелік ұлттық валютаның енгізілуіне 20 жыл толуына орай естелік монета айналымға шықты. Монета 925 сынамалы күмістен жасалды, номиналы 500 теңге, салмағы -31,1 грамм, диаметрі -38,61 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 5 мың дана.
2017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Бейжіңде өткен 2017 Fresh Asia music Festival жаңа әндер фестивалінде «Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы» аталымының жеңімпазы атанды.