Жалған «банк қызметкерлерінен» қалай сақтануға болады?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы уақытта таралған алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы айтты. Банк азаматтарды жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға беруден алдын-ала сақтандырып, алаяқтарды "тануға" болатын белгілерді атады. Бұл туралы Ұлттық банктің қаржы қызметтерін және Сыртқы коммуникацияларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Александр Терентьев өзінің «Facebook» парақшасында хабарлады.
«Қаскүнемдер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыру арқылы алаяқтық жасаудың жаңа тәсілдерін тапқан. Сонымен қатар, клиентке қызмет көрсететін ірі банктердің байланыс орталықтарының ресми нөмірлеріне ұқсас жалған нөмірлерден қоңырау шалу жиі қолданылады немесе мамандандырылған жабдық арқылы банктің колл-орталығының нөмірінен қоңырау шалу жүзеге асырылады», - деп жазады Терентьев.
Алаяқтар оларға ЖСН, төлем карточкаларының деректемелері, СМС-кодтар мен бір реттік парольдерді атауды талап етеді.
Ұлттық банк ешкімге өзінің парольдерін, СМС арқылы алынған кодтарын, төлем карталарының деректемелерін, паспорттық деректерді айтпауға кеңес береді.