МСҚ аймақтың медицина ұйымдарына 30 млрд. теңгеге жуық қаржы төледі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2019 жылыдың 20 тамызындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 29,4 млрд. теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 65,3 %. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев мәлімдеді.
«2019 жылы МСҚ тегін медициналық кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 45,02 млрд. теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 14,1 % артық. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр», - деді Р. Бектібаев.
Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 74 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 44 жекеменшік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 7-ге артқан.
Мемлекеттен тапсырыс алған жекеменшік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастаптұр.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.