26 тамыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1840 жылы Оралда орталық мәдениет және демалыс бағы ашылды. Бақтың бастапқы аумағы 7,5 шақырымды құрады. Қазіргі кезде 5,6 гектар жерді құрайды. 1935 жылы баққа Сергей Кировтың есімі берілген. 1997 жылы ол мемлекет қорғауындағы тарихи және мәдениет ескерткіштер санына қосылған болатын, кейіннен мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорынға өзгертілді.
1920 жылы Бүкілресейлік орталық атқару комитеті және РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің декретімен Киргиз АКСР; 1925 жылдан бастап - Қазақ АКСР; 1936 жылдан бастап - кеңестік АКСР, кейіннен тәуелсіз Қазақстан құрылды.
1920 жылы тамыздың 26-ы мен 31-і аралығында Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Гурьев уезі кеңесінің бірінші съезі өтті. 125 делегат қатысқан бұл съезде жергілікті мемлекеттік басқару органы құрылды.
2005 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерейтойына арналған жаңа көркем пошта маркаларының таныстырылымы болып өтті. Пошта маркасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау рәсімі бейнеленген. Марка офсет әдісін қолданылып төрт түрлі бояумен орындалған, өлшемі 33 х 27,5 мм. Ресімдеуші - Р.Жапалова. ҚХР байланыс және ақпараттандыру министрлігі жанындағы Қытай пошта маркаларының типографиясында жасалған.