23 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша, адамзат тарихындағы осы жайсыз жағдайлардан сақтандыру және құлдарды өз бостандығы үшін күресуге шақыру мақсатында аталып өтіледі.
1982 жылы Қызылорда қаласында №9 сегіз жылдық мектеп ашылды.
1996 жылы Алматыда Қырғыз Республикасының елшілігі ашылды.
2011 жылы ҚР Ұлттық банкі Әл-Фараби бейнесімен номиналы 500 теңгелік алтын медальды айналымға шығарды. Монета 999 сынамалы алтыннан әзірленді, салмағы - 7,78 грамм, диаметрі - 21,87 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 4 мың дана.
2013 жылы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге Қарағанды қаласының құрметті азаматы төсбелгісі мен дипломы табыс етілді.
2013 жылы ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова Орталық Азияға ресми сапары барысында Серік Сәпиевке ЮНЕСКО-ның спорт жөніндегі ерікті елшісі мандатын табыстады.