22 тамыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1864 жылы соғысып жатқан армиялардың жараланған солдаттарына көмектесу жөніндегі Женева конвенциясына 16 мемлекет қол қойды. Конвенция соғыс кезінде әскери госпитальдар мен медицина қызметкерлеріне ешкім тимейтіндеріне кепілдік етті. Олардың ерекшелік белгісі - ақ матадағы қызыл крест. Осылайша Қызыл Крест ұйымы дүниеге келді.
1909 жылы Уфа қаласында ақын Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы басылып шықты.
1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Тіл туралы» Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Бұл Заң 1990 жылғы 1 шілдеде күшіне енді.
2002 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ф.Пиаджезиді, Қазақстан мен Италия арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына қосқан үлесі үшін, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
2017 жылы Арал маңындағы Қорқыт ата ескерткіш кешенінен қобыздың статуясы табылды. Ғалымдар 40 сантиметр келетін тас мүсінді оғыздар дәуіріне жатқызды. Ол ІХ-Х ғасырларда портты қала Сортөбе орналасқан жерде жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде табылды.