Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 19 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін күніңіз жақсы өтеді. Өзіңізді жеңіл сезініп, барлық істі тез атқаратын боласыз. Сонымен қатар жаныңыздағы жандармен де тез тіл табысасыз.
Торпақ
Егер жұмысыңыз қаржымен тығыз байланысты болса, онда бүгін қызықты ұсыныстар түседі. Жаңа жұмыстан қорықпаңыз. Қайта білек сыбана кірісіңіз.
Егіздер
Сүйіктіңізге деген махаббатыңыз арта түседі. Дәл қазіргі сәтте сүйікті адамыңыз моральды және материалды тұрғыдан қолдауды қажет етеді.
Шаян
Күш-қуатыңыз азайып, иммунитетіңіз төмендейді. Соның салдарынан аздап сырқаттанып қалуыңыз да мүмкін. Дерттің алдын алу үшін спортпен шұғылданыңыз.
Арыстан
Қызықты күн болмақ. Отбасы – сіздің бар байлығыңыз. Шулы әрі, қызықты отбасылық мереке ұйымдастырасыз. Бірақ біреумен әзілдескенде абай болыңыз.
Бикеш
Көңіл-күйіңіз құбылмалы болады. Көңілшектігіңіз ұстап, көңіліңіз босайды. Ұстамды болыңыз. Сонымен қатар қарыздарыңыздан тез арада құтылуға тырысыңыз.
Таразы
Стратегиялық жоспар құруға қолайлы күн. Алдағы күндеріңізді жоспарлап, мақсатыңызға қарай бет аласыз. Тұралап қалған жұмыстарды аяқтайсыз.
Сарышаян
Таңертеңнен ерлі-зайыптылар арасында өзгелерге еліктеушілік пайда болады. Бірақ көп ұзамай өзіңіздің танытып жүрген қылығыңыздан шаршап, қалпыңызға түсесіз.
Тауешкі
Нақты бір іске қаржы салсаңыз, пайдаға кенелесіз. Бірақ ең алдымен серіктестеріңіз сенімді болғанын қадағалаңыз. Күмәнді іске ақша салмаңыз.
Суқұйғыш
Отбасылық мәселелер туындап, сіз оларға мән бермеуге тырысасыз. Алайда шыдамыңыз таусылып, оларды шешуді қолға алуды жөн санайсыз.
Балықтар
Ішпыстырарлық күн. Бастығыңыз көп тапсырма беріп, оның орындалуын мұқият қадағалайтын болады. Тапсырманы жауапкершілікпен атқара біліңіз.