13 тамыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1942 жылы Алматыдан қазақ жауынгерлерінен тұрған 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Олардың қатарында 4 890 адам болды . Құрамында қазақтың екі қызы - Мәриям Сарлыбаева мен Мәншүк Мәметова болған.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы», «Стандарттау туралы», «Демпингке қарсы шаралар туралы» және «Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік марапаттаулар туралы» Жарлығына өзгертулер мен толықтырлар енгізу туралы» Заңы жарияланды.
2004 жылы Афина қаласында (Грекия) XXVIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі өтті. Сайысқа әлемнің 202 елінен 11 099 спортшы қатысқан.