9 тамыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1971 жылы Семейде «Еңлік-Кебек» кинотеатры ашылды. Кинотеатр ғимараты 8 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алатындай етіп салынған.
1994 жылы Алматыда ҚР Ұлттық банкінің мемлекеттік қоймасының іргетасы қаланды.
2004 жылы Қызылорда облысының Шиелі ауылында ақын, әнші, термеші Нартай шығармаларының жинағы таныстырылды.
2010 жылы Алматыда алғаш рет жазғы көше кинотеатры ашылды.
2012 жылы Қазақстанда алғаш рет 38 жастағы пациентке донорлық жүрек трансплантациясы жасалды.