Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 9 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Құмар ойындарға берілмеңіз. Бүгін үйде жөндеу жұмыстарын бастап кетсеңіз жұмысыңыз сәтті болмақ. Сонымен қатар жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі.
Торпақ
Бірнеше маңызды сұрақтарға жауап табасыз. Бұрын қиындық туғызған немесе өзіңіз қорқа-соқтап жүрген іскерлік келіссөздерді өз пайдаңызға шешетін боласыз. Сізге көмекшінің қажеті жоқ. Барлық істі өзіңіз оңтайлы шешесіз.
Егіздер
Жемісті күн. Өзекті мәселелерді дер кезінде шешіп, тапсырмаларды оңай орындайсыз. Жаңа жұмысты қолға алуға мүмкіндік туып тұр. Осы жұмыс арқылы жаңа таныстар тауып, олардан үйренеріңіз көп болады.
Шаян
Шынайы көзқарас таныта біліңіз. Сонда ғана босқа үміттенбейтін боласыз. Егер өз мүмкіндігіңізді толық пайдаланатын болсаңыз, жаңа жобаларды қолға алатын боласыз. Олар сізге көп пайда әкелетінін естен шығармаңыз.
Арыстан
Барлық шаруаны ысырып қойып, жақсылап демалыңыз. Жұмысты кейін де аяқтауға болатынын ұмытпаңыз. Жеке өміріңізге көп көңіл бөліп, болашағыңыз туралы көп ойланыңыз. Уәдеңізде тұруды да ұмытпаңыз.
Бикеш
Жалғыз қалып, болашақ туралы ойланыңыз. Өткен күндерді де ойлап, өз-өзіңізге есеп беріңіз. Достармен басқосу жақсы ой болғанымен, дәл бүгін олармен тіл табысу қиынға соғады. Жақындарыңызға көңіл бөліңіз.
Таразы
Мазасыз күн. Жұмыстың көптігі соншалық, тіпті шаршауға да уақыт таппайсыз. Сіздің көңіл-күйіңіз тез өзгереді. Бірақ мұны жаныңыздағылар түк байқамайды. Бірақ эмоцияны іште бүгіп қалу қиынға соғады.
Сарышаян
Бүгінгі күнді тек өзіңізге арнаңыз. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Кішігірім саяхатқа шығуға да болады. Әсіресе теңіз жағасына барып, толқындарды тамашалаңыз. Не болмаса моншаға барып, жағымсыз энергияларды сумен шайыңыз
Мерген
Денсаулығыңызға абай болыңыз. Соңғы уақытта бауырыңыз жиі мазалап жүрген сыңайлы. Майлы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз. Спортпен шұғылданыңыз. Сонда дене бітіміңіз де, ас қорыту жүйесі де қалыпқа келеді.
Тауешкі
Өміріңізде оң өзгерістер орын алады, сондай-ақ біраз жетістіктерге жетесіз. Бірақ барлық жақсылық өздігімен келмейтінін біліңіз. Еңбектеніңіз, нақты шешім шығара біліңіз. Жақындарыңызбен басқосыңыз.
Суқұйғыш
Күніңіз сәтті өтеді. Сіз барлық істе жетістікке жетесіз. Бастысы – табандылық таныта біліңіз. Осы қасиетіңіздің арқасында өз дегеніңізге жетесіз. Сонымен қатар бүгін өзіңізге қуаныш әкелетін бұйымды сатып аласыз.
Балықтар
Егер уақытыңызды текке кетірмесеңіз, көп нарсеге қол жеткізесіз. Жаңа істі қолға алып, жаңа жоба бойынша жұмыс жасауға болады. Түстен кейінгі уақытта ойға түрлі идеялар келіп, кәсіби жоспарларды жүзеге асыратын боласыз.