8 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
Халықаралық альпинистер күні
1786 жылы дәл осы күні Альпі шыңы бағындырылды. Швейцариялық дәрігер Мишель-Габриэль Паккард (Michel Gabriel Paccard, 1757-1827) пен тау серігі Жак Бальма (Jacques Balmat, 1762-1834) 1786 жылдың 8 тамызында ең бірінші болып теңіз деңгейінен 4810 метр биіктіктегі Альпі тауының ең жоғарғы нүктесі - Монблан шыңына шықты.
1786 жылы дәл осы күні Альпі шыңы бағындырылды. Швейцариялық дәрігер Мишель-Габриэль Паккард (Michel Gabriel Paccard, 1757-1827) пен тау серігі Жак Бальма (Jacques Balmat, 1762-1834) 1786 жылдың 8 тамызында ең бірінші болып теңіз деңгейінен 4810 метр биіктіктегі Альпі тауының ең жоғарғы нүктесі - Монблан шыңына шықты.
1899 жылы американдық өнертапқыш Альберт Маршалл тоңазытқышты патенттеді. Олар негізінен бөлек сатып алынған мұздың есебінен жұмыс істеді. Алғашқы отбасылық тоңазытқыштарға ағаштар, көмірлер мен керосин көп пайдаланылды. 1911 жылы «Дженерал электрик» фирмасы анағұрлым заманауи тоңазытқыштарды шығара бастады. Дегенмен олар газда жұмыс істегеннен кейін қатты гуілдеп, жаман иіс шығаратын болды. Бұл оның басты кемшілігі болды.
1926 жылы жылы дат инженері Стиндруп шуылсыз және иісі жоқ тоңазытқышты ойлап шығарды. Осыдан кейін бұл тоңазытқыш Америкада тез арада ең қажетті тұрмыстық құралға айналды. Шыны керек, алғашқы тоңазытқыштар «Форд» көлігінен екі есе қымбат тұрды. Оларды «тұрмыстық суық фабрика» деп атады. Ал олардың жаппай шығарылымы тек 1960 жылдары ғана игерілді.
1997 жылы Қызылорда қаласындағы Ковалёв атындағы көшеге қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның есімі берілді.
1997 жылы Қызылорда қаласындағы Комбинат көшесіне халық ақыны Манап Көкеновтің есімі берілді.
1997 жылы Қызылордадағы №187 мектепке қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімі берілді.
2002 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2008 жылы Бейжіңде ХХІХ Олимпиада ойындарының ашылуы өтті.
2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының (МЖЗҚ) базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында да жеке жинақтаушы шоттар жүйесі сақталды.