Шетелде жүргенде күтпеген жағдайға тап болсаңыз...
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Егер шетелге шығуды жоспарлап жүрсеңіз, мінез-құлық нормаларын біле жүріңіз.
Шет елде жүргенде қазақстандықтар басқа елдердің заңдарын сақтауды ұмытпауы керек.
Күтпеген тосын жағдайлар туындаса не істейсіз?
Мысалы, құқық қорғау органдары ұстаған кезде қазақстандықтар сол мемлекеттегі Қазақстанның консулдық мекемесінің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқылы.
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінің қызметкерлерінсіз шет тіліндегі хаттар мен құжаттарға қол қоюға болмайды.
Өзіңіз баратын елдегі Қазақстан елшілігінің, не консулдығының телефондарын жазып алыңыз.
Достарыңыз бен туыстарыңызға өз сапарыңыз, тұрған жеріңіз, байланыс нөмірлеріңіз туралы айтыңыз.