26 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар
Ұлттық Қазақ цирк бағдарламасының алғашқы тұсаукесері Саратов мемлекеттік циркінде өтті.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Жарлығы жарияланды.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Барыс» ордені белгіленді. Бұл орден Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciнe; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халкының бірлігін қамтамасыз етуге; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға; ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін табысталады. «Барыс» орденінің үш дәрежесі бар.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, республика аумағында осы уақытқа дейін қолданыста болған 3 сағаттық белдеудің орнына 2 сағаттық белдеу белгіленді. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында уақыт өлшемі елорда сағатынан 1 сағатқа кешігіп жүретін болды. Бұл белдеуге Ақтөбе облысы да кірді. Қызылорда және Қостанай облыстары елорданың сағат белдеуіне жақын орналасуына байланысты, аталмыш облыстар Астана қаласының сағаттық белдеуіне ауыстырылды. Осылайша, республиканың Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында уақыт өзгерді. Бұл шара ең алдымен, республика халқына жайлы жағдай жасауға, облыстардағы әкімшілік жұмыстарды оңтайландыруға, елдің біртұтас энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, сыртқы және ішкі көлік - жүк тасымалдарын, аймақтардың телекоммуникациялық жүйелерін өзара үйлестіруге бағытталды.
2016 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төлем нарығындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңға қол қойды.