23 шілде: Ел ішінде орын алған оқиғалар
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы қабылданды.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы шықты.
2018 жылы Қызылорда облысында онлайн-агробиржа іске қосылды. Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен ауылшаруашылық өнімдерін, тұқым, ауыл шаруашылығы техникаларын, тыңайтқыштарды, химиялық заттарды сатып алуға, сатуға немесе айырбастауға және қызметтерді пайдалануға болатын «Агробиржа» интернет-ресурсы іске қосылды. Еске салайық, www.agrosauda.kz веб-сайтындағы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған. Болашақта оған парсы тілін қосу жоспарланып отыр. Айта кетейік, қызылордалық аграрлар өз өнімдерін экспорттайтын елдердің бірі - Иран