Байқоңырда жазғы ұшырылымдарға дайындық жүріп жатыр

Негізгі экипаж құрамына ғарышкер Александр Скворцов, астронавтар Лука Пармитано мен Эндрю Морган, сондай-ақ қосалқы құрамға - Сергей Рыжиков, Томас Маршбёрн және Соичи Ногучи кірді. «Союз МС-13» экпаждары алдағы аптада Байқоңырға келеді деп жоспарланған. Сонымен қатар «Союз МС-14» транспорттық кемесін ұшыруға да дайындық жұмыстары жүрп жатыр. Роскосмос мамандары оны вагоннан шығарып, сынақ алаңына қойды. Жақын арада «Союз» тексеріліп, жерүсті тексеру аппаратурасына коммуникация жалғанады.
«Союз МС-14» ұшыру биылғы 22 тамызға жоспарланған. ОЛ ұшқышсыз режімде жүргізіледі.