Жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балаларды Шымкенттегі мешітке әкеліп табыстап жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралуда.
Шымкент қаласы орталық мешіттің бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміровтың айтуынша, қазірге дейін келіп орналасқандардың саны шамамен 500-ден асқан.
Сонымен қатар, ата-анасынан адасып қалған, балабақшадан, лагерьлерден әкелінген балалардың саны 200-ге жуық дейді ол.
«Мүмкін болғанша, ата-аналарына хабарласып, телефон арқылы ақпарат таратып жатырмыз. Балалар, әсіресе, балабақша жасындағы балалар көп. Қазір мешіттің жанындағы медресенің жатақханасын босатып, сонда орналастырып жатырмыз. Барынша көмек беруге тырысып бағудамыз. Қала халқына рахмет, сумен, азық-түлікпен көмектесіп жатыр», дейді орталық мешіттің бас имамының орынбасары.