ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаланың кішкентай тұрғындарын 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
"Сіздер - біздің болашағымыз, бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанатысыздар.
Бүгін сіздердің құрметтеріңізге орай қалалық саябақтағы барлық аттракциондар және қоғамдық көлік тасымалы тегін қызмет көрсететін болады.
Біз үшін, бұл өмірде Сіздердің балғын жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыласымен риза болғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ,"- деді қала басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.

Қалалық демалыс паркінде өткен бұл мереке балғын бүлдіршіндерге үлкен қуаныш сыйлады. Мерекенің шырайын келтірген сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара барысында аттракциондар балаларға тегін қызмет көрсетіп, бүлдіршіндерге тегін 1000 дана балмұздақ пен шырын үлестірілді.
Қазіргі таңда Қызылордада мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен 240 балабақша бар.
Қызылорда қаласы бойынша балабақша кезегінде тұрған 21 мыңға жуық 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің барлығы 100% балабақшамен қамтылған.
Елімізде ақпараттық қоғамның қалыптасуына орай, қаладағы «Алтын ұя», «Алпамыс», «Бегім Ана» балабақшаларында тағы бір жаңаша бастама қолға алынып, жас робототехника кабинеттері ашылды.
Сондай-ақ, бірқатар балабақшалар да кезең кезеңімен ақпараттық коммуникативтік технологиясымен жабдықталуда. «2016-2020 жылдарда Қызылорда қаласының аумағын дамыту» бағдарламасы аясында 46 инклюзивті топтарды ұйымдастырылды.