Қызылордада IT-эшелон жобасы жүзеге асуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жоба аясында 200 адам стартаптар мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша білім алады, оқу үдерісі семинарлар мен воркшоптар, кездесулер мен бизнес-ойындар түрінде ұйымдастырылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаның мақсаты - веб-бағдарламалау саласында IТ мамандарын даярлау.
«Бұл жоба аймақтағы ІТ мамандарының кадрлық резервін құруға, атап айтқанда, веб-бағдарламалау саласында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру жұмыспен қамту, ІТ-қоғамдастығын мен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және қолданыстағы мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді. Аталмыш жоба халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын да қамтиды және бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешеді деп сеніммен айтуға болады. Ең бастысы, жоба Атамекен балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін әлеуметтену мәселесін, сондай-ақ, тұрмысы төмен және маргинал жастар арасында масылдық көзқарасты болдырмау мәселесін шешеді», - деп атап өтті Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының м.а. Юлия Тремасова.
Бұл жобаның басым бағыты ретінде пайдаланушы интерфейсін құруда "frontend" таңдалды.Мамандардың аталмыш санаты - жұмысқа орналасу мәселесінде сұранысқа ие. Сондай-ақ, жоба шеңберінде технологиялық кәсіпкерлікке, стартаптарды ұйымдастыруға және бизнес-құралдарға ерекше көңіл бөлінеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, курс бағдарламасы Қазақстанның ІТ-жұмыс берушілері ұсынатын нақты жобалармен жұмыс істеуге толық дайын болатындай етіп жасалған.
Жоба ұйымдастырушылардың мәліметіне сай, қатысушылар бірнеше бағытта сабақ алып үлгерді : HTML-құжат құрылымы, базалық ұғымдар, теориялар, стильдеудің базалық мүмкіндіктерін зерттеді, формалармен жұмыс істеуді үйренді, базалық өлшем бірліктерін және позициялау механикасын зерделеді, селекторлардың не екенін және олармен қалай жұмыс істеу керектігін білді, CSS-ның кейбір озық мүмкіндіктерімен танысты. Одан әрі олар ойындар мен мобильді қосымшаларды әзірлеу, өзінің Telegram-ботты құру, VR/AR технологиялары, құрылымын әзірлеу туралы және стартап үшін супер команданы қалай құру керектігі жайлы білім алды.
Кездесулерге Mail.ru, Tinkoff, Bugart Games, Яндекс , Chocofamily, Doctor.kz, Kazdream.kz, Kompra, сияқты танымал компаниялардың өкілдері қатысуда.
Осы жобаны іске асыру барысында әрбір сарапшы, баяндамашы, инвестор мен бизнес иесі ментор рөліндегі тыңдаушыны анықтайды. Сондай-ақ, ұйымда практикадан өткізу және одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігін өзіне қалдырады.Аталмыш жоба бойынша жұмыс 6 айды (2019 жылдың наурыз – қыркүйек аралығын) қамтиды. Оның ішінде онлайн оқыту, сауалнама жүргізу және қатысушыларды іріктеу, семинар, воркшоп, кездесу мен бизнес-модель ойындары өткізіледі. Жобаға 14-35 жас аралығындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері, студенттер, оқушылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған 200 қатысушы 437 өтінім берушінің арасынан іріктеліп алынды. Оқыту ақысыз негізде жүргізіледі.
Жоба Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы жанындағы "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.