Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен Қожабергенов Фердоуси Әбілқасымұлы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Фердоуси Қожабергенов 1972 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», сондай-ақ «Болашақ» университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы жас техниктер станциясы үйірмесінің жетекшісі ретінде бастаған.
1992-2014 жылдары – салық органдарының Қазалы, Арал және Сырдария аудандарындағы аумақтық бөлімшелерінде жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.
2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қазалы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.