«Балалар құқығын қорғау» жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Балалар құқығын қорғау» жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Партия Төрағасының тікелей тапсырмасымен көп балалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсетіп, өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғауды одан әрі жандандыру мақсатында қолға алынған.Атап өту керек, балалардың құқығы мен мүддесін жан-жақты қорғап, олардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған Кеңес жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді.
Бұл іске жетекші саяси күш ретінде партияның барлық әлеуеті, яғни барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракциялары, аймақтық және аумақтық партия филиалдары жұмылдырылуда. Әр филиалдарда жауапты мамандар бекітіліп, Кеңес жұмысының жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз етуде.
Отырыс барысында кеңес мүшелері ортақ мақсаттағы жұмыстарды пысықтап, алдағы атқарылар шаруларды жан-жақты талқылады. Бір сөзбен айтқанда балалар құқығын қорғау мәселесін түбегейлі қайта қарап, осы бағыттағы заңнамаларды талдап, жас буынның заңдық мүдделерінің бұзылмауын қамтамасыз етуге ден қойып отыр.