6 сәуір:оқиғалар мен атаулы күндер
Дүниежүзілік үстел теннисі күні.
Алғаш рет 2015 жылы аталып өтті. Жаңа спорттық датаның бекітілуіне Халықаралық үстел теннисі федерациясы (International Table Tennis Federation, ITTF) мұрындық болды. Мақсат - аталмыш спорт түрін кеңінен таныту, оны әртүрлі елдерде дамыту, тенниспен айналысатын адамдарды біріктіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
1994 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары басталды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Жапония Императорымен, Премьер-министрімен, сондай-ақ Жапонияның саяси қайраткерлері және іскерлік орта өкілдерімен кездесті. Келіссөздер қорытындылары бойынша КСРО мен Жапония арасындағы келісімдер мен шарттарды мойындау туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылып, ноталар алмасылды.
2006 жылы «Эйр Астана» авиакомпаниясы Алматы-Қарағанды-Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашты.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасында академик Асқар Жұмаділдаевтың бүлдіршіндерге арналып жазылған танымдық-математикалық кітапшасының таныстырылымы болды. Кітаптағы математикалық терминдер мен есептер қазақ тілінде тақпақ және халық ертегілерінің кейіпкерлері арқылы жеткізілген.
2013 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаев қытайлық CCTV-2 телеарнасына сұхбат берді. Онда Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары, қазақстандық-қытайлық өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері туралы айтылды.
2014 жылы Astana Motorsports ралли-рейд бойынша қазақстандық команда Abu Dhabi Desert Challenge 2014 бастамасының кезеңінен өтті. Оның нәтижесі бойынша «Астананың» бірден екі экипажы мықтылар ондығына кірді. 2014 жылы Қарағандыда егде адамдар емханаларында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары ашылды. Мұнда зейнеткерлер көмек алып қана қоймай, бірге бос уақыттарын өткізеді.
2016 жылы Қазақстан Республикасы халал-туризмі үшін тартымды елдер рейтингінде 16-орынды алды. CrescentRating агенттігі жүргізген зерттеуге 130 ел қатысты. Ондағы басты критерийлер ретінде қауіпсіздік деңгейі, тамақ сапасы, намаз оқуға жасалатын жағдайлар, т.б. басшылыққа алынды. Қазастан рейтингте Иран мен Египеттің ортасына орналасты.