7 сәуір:атаулы күндер мен оқиғалар
2005 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік таңбаларды пошталық төлемге енгізді. Бұл «Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануына 10 жыл» номиналы бір, екі, үш, сегіз, он теңге, және «А» литерасымен (Қазақстан Республикасының аумағындағы жер бетіндегі көлікпен салмағы 20 грамға дейін жай хатты жіберу тарифының номиналы) номиналы 50 және 65 теңге стандартты пошта маркалары. Безендірушісі - Игорь Макиенко.
2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунге бірінші дәрежелі «Достық» ордені жаһандық деңгейдегі бейбітшілікті, әлеуметтік әділеттілікті және тұрақты дамуды ілгерлетуге айырықша үлес қосқаны үшін берілгенін атап көрсетті.
2010 жылы Ақордада Қазақстан мен Украина арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен Виктор Янукович бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы 2010-2011 жылдарға арналған «Жол картасы - 3» іс-қимыл жоспарына қол қойды.
2013 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бруней-Даруссалам мемлекетінің сұлтаны Хассанал Болкиахпен кездесті. Екі елдің көшбасшылары өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін қарастырды, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН) мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қоса алғанда, қазіргі халықаралық құрылымдар аясындағы өңірлік интеграция тақырыбын талқылады. Мемлекетаралық өзара іс-қимыл әлеуеті толық пайдаланылмай отырғаны және тараптардың мұнай-газ, химия салаларындағы, аграрлық сектордағы және басқа салалардағы серіктестік аясын кеңейтуге қызығушылық танытатыны атап өтілді.
2014 жылы ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті www.sud.kz сайтында «істерді тыңдау тізімі» жаңа бөлімін жариялады».
2014 жылы Астанада Отан қорғаушылар саябағындағы ескерткіш аллеясында 1995 жылы тәжік-ауған шекарасындағы соғыста қаза тапқан 17 сарбазға жаңа ескерткіш қойылды.
2016 жылы Алматы-Шу қарсы бағытында салынып жатқан темір жол тармағы учаскесіне Ақтөбе рельс аралық зауытында әзірленген отандық өндірістегі рельс-шпалды тордың бірінші буынын орнатты.