26 наурыз:Атаулы күндер мен оқиғалар
1993 жылы Қызылорда қаласында Арал теңізі проблемалары бойынша мемлекетаралық келісімге қол қойылды. Келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларының Президенттері қол қойды. Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақты қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, т.б. шараларға тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғышарты ретінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді.
2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Киото хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2009 жылы Алматыда «Дінмұхамед Қонаев» атты Қазақстан Республикасына кеңес жылдарында басшылық еткен атақты мемлекет және қоғам қайраткері туралы фотоальбом жарық көрді. Кітапта Дінмұхамед Қонаевтің (1912-1993) өмірі мен тағдырын бейнелейтін жастық шағынан өмірінің соңғы күндеріне дейінгі суреттері жиналған. Танымал саясаткердің суреттерін Мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс баспаларының орталық мұрағаты, Д.Қонаевтің үй-мұражайы, туған-туыстары, әріптестері және достары берді. Көптеген суреттер бірінші рет жарияланып тұр. Фотоальбомның негізін 1992 жылы Алматыда басып шығарылған Д.Қонаевтің «О моем времени» атты кітабынан алынған үзінділер құрайды. Фотоальбом өзінің мазмұнымен ғана емес, сонымен қатар көлемімен де таң қалдырады. Ол 600 беттік кітап А3 форматында жасалған, қабын былғарыдан өрнектеп алтынмен жазған. Бір кітаптің салмағы - 8,5 кг. Жобаның бастаушысы және бастырушысы - Вагиф Гаджиев, құрастырушы - Мұрат Мусин. Фотоальбом 2012 жылғы қаңтарда тойланған Дінмұхамед Қонаевтің 100 жылдық мерейтойына арналған.
2011 жылы «Азия Авто» автожинақтау зауыты «KIA» көлігінің төрт жаңа үлгісін шығаруға ресми рұқсат алды.
2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өңірдегі 6 елді мекенді - Арыс, Түркістан, Сарыағаш, Жетісай, Шардара, Ленгерді моноқалалар тізіміне енгізуді ұсынды.