Қызылордада тоғызқұмалақтан ел чемпионаты басталды
Қызылорда қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР тоғызқұмалақ федерациясы, Қызылорда облысы дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан жастар арасында ҚР жекелей чемпионаты басталды.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жəне 12 облыс орталықтарынан 16 команда 250-ге жуық спортшы классика, рапид жəне блиц түрлерінен сынға түсуде.
Жарыстың бас төрешісі, ҰДТ Біржан Елеусінов (Қызылорда).
26 наурыз сағат 14.00-де "Нұрсəт" теннис орталығында жарыстың салтанатты ашылуы өтеді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 31 наурыз күні белгілі болады.