Елбасы мен Елорда егіз ұғым
Халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғырына, бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналған Астана - бүгінде алты Алаштың ардағы, жаңа ғасырдың жаңа қаласы. Сарыарқа төрінде орналасқан сұлу да, әсем Елордамыз – еркін мұратымыздың елтаңбасы. Әлемдік деңгейдегі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі Елорда тарихының ғажап естелігі болып қалары сөзсіз.
Астананың жаңадан қаланған әрбір тасы, қала ретіндегі оның әрбір жеткен жетістігі мен жемісі, қуанышы мен сүйініші алты Алаштың жаңа бас қаласын қалыптастырған Тұңғыш Президентіміздің баламасыз бастамасы дер едім. Бұл күнде Елорда мен Елбасы атты егіз ұғым халық жадында ажырағысыз ақиқаттың символына айналған.
Демек, Елордамызға Нұр-Сұлтан атауының берілуі еш талассыз, жоғары қолдау табатыны ақиқат. Отанына деген терең сүйіспеншіліктің озық үлгісін көрсеткен қазақтың кемеңгер ұлына өзінің төл туындысы Астананың атауын беру дер кезінде қабылданған оң шешім.
Сәулеш ОМАРОВА
Қызылорда қаласы, №12 мектептің мұғалімі.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі