Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қ.Тоқаев,
Қазақстан Республикасының Президенті
Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз
Қазақстан Республикасының Президенті
Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз