Тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, Мәңгілік ел еткен Елбасыма мың алғыс
Баршамызға тарихи маңызы бар күн болды. Елбасы өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Тәуелсіздік жолында еңбек етіп, соның нәтижесі міне, бейбіт өміріміз. Осындай байтақ елдің амандығы мен тұрақты дамуы жолында аянбай еңбек етіп болашағы жарқын елді біздерге "Жастарға" аманат етті. Ел ішінде жасалған бағдарламалардың барлығы еліміздің игілігі мен тұрақтылығын мақсат етті. Бүгінде саналы ұрпақ қалыптасып жастар үшін барлық жағдай жасалған. Ел мақтанатын Астананы тұрғызды. Бүгінде Астанамыз мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығына айналды. Елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала. Дүйім жұрт алдында мақтанарлық бүкіл әлемдік қадамдар жасады. Елбасының аманаты біздің мойнымыздағы үлкен жүк және осы жолда аянбай еңбек етуге әзірміз.
Медет Жорабек,
"Ұлағат Ұландар" ЖҚБ төрағасы