Халық Президенттің қамқорлығын сезінді
Бүгінгі жағдай кез келген жанды бей жай қалдырмағаны рас. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі -28 жыл. Осы жылдары қазаққа ана тілі мен дінін, салт-дәстүрін қайта жаңғыруға Елбасының қосқан үлесі зор. Әрбір қазақстандық Президенттің қамқорлығын сезінді. Бейбіт әлемде, тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз. Әлемде өз орнымыз бар. Елбасының саясаты арқасында жастарға ерекше қолдау болды. Елбасымен 2 рет кездесіп, қысқа болса да пікірлестім. Бұл менің өмірімді оң бағытқа өзгертіп, бағытымды айқындап берді.
"100 жаңа есім" жобасының әрбір жеңімпазы қарапайым халық арасында еңбек етіп жүрген жандар. Еңбекпенен көпке жетуге болатынын, әрбір азамат әр ісі арқылы елдің дамуына үлес қоса алатынын түсіндірді. Бізге деген сенімін ақтағымыз келеді. Ұзақ өмір сүріп, дені сау болса екен деп тілейміз!
Сымбат Абдрахманова,
"100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы