Қызылордалық онколог дәрігер Елбасының қабылдауында болды
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Ақордада "Көктем шуағы" атты салтанатты шарада Мемлекет басшысы Қазақстанның нәзік жанды әйелдер қауымымен кездесті.
"Қазіргі таңда әрбір отбасында орта есеппен үш бала тәрбиеленуде. Жылына 400 мың қазақстандық сәби дүние есігін ашады. Ұрпақ - отбасының ғана байлығы мен қуанышы емес, елдің құнды капиталы. Сол себепті аналарымыз, әсіресі көп балалы аналар зор құрмет пен алғысқа лайықты. Бұл - үлкен еңбек. Сіздер ана ретінде ерлік жасап, халықтың санын ғана емес, берекесін арттырасыздар",-деді Елбасы.
Қабылдауға қатысқандардың қатарында Қызылорда облыстық онкология орталығының химиотерапия бөлімінің меңгерушісі Виктория Юн да бар.
Юн Виктория Викторовна - Сыр өңірінің тумасы, Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік медициналық академиясын, Уфа қаласы / Ресейдегі Башқұртстан Мемлекеттік Медициналық Университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Жалпы еңбек өтілі - 12 жыл. 2014 жылдан бастап Қызылорда облыстық онкология орталығының онколог дәрігері, маммолог, химиотерапевт болып қызмет етуде. 2016 жылдың маусым айынан бастап облыстық онкология орталығының химиотерапия бөлімінің меңгерушісі.Айта кетейік, салтанатты жиынға әртіс Самал Еслямова, Атыраулық кран жүргізуші Айжан Асмағанбетова, Қостанай облысы, Мичурин ауылдық округінің әкімі Вера Клочко, Алматыдан көші-қон қызметінің инспекторы Айжан Әбішева, Алматы облысынан аналар кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Дүйсебаева, ақын Мақпал Тәжмағанбетова, сондай-ақ, кәсіпкерлер мен шаруашылық басшылары шақырылған



















