Ел Елбасы шешімін қолдайды
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметін отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды.
Уақыт тынысын айқын бағдарлаған Елбасының бұл шешімін Сыр аналары қолдайды. Себебі, бұл шешім елдің әл-ауқатын көтеруге деген мемлекет мақсатының тұрақтылығын, биліктің халық алдындағы жауапкершілігінің жоғары екендігін көрсетеді. Бұл сондай-ақ, Мемлекет басшысының әрбір отбасында өсіп келе жатқан біздің ұрпағымызға әрдайым қамқорлық көрсетіп, олардың жарқын болашағын қалыптастыру мақсатының баянды екендігіне елдің көзін жеткізеді.
Елбасы Үкіметтің жаңа құрамын қалыптастыруда, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң шешім қабылдайды деп сенеміз.
Жаңа Үкіметтің құрамы Елбасының тапсырмасына сәйкес көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайының артуына байланысты нақты, дұрыс шешім қабылдайтынына сенім артамыз. Сондай-ақ, біз алда күтіп тұрған міндеттер мен тапсырмаларды бірлесе атқарып, отбасындағы балаларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етеміз.
Нұрсәуле МУСАЕВА
Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы,
«Сыр Аналары» қоғамдық қорының құрылтайшысы