Ауа райының қолайсыздығынан 300-ден астам мал қырылып қалды
Жаңақорған ауданында ауа райының қолайсыздығынан 300-ден астам мал шығыны болды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мал шығынына шаруа қожалықтарының мерзімінен бұрын қыстаудан жайлауға көшу себеп болған. Оның үстіне ауа райы күрт өзгеріп жауын шашын мол түсті.
«Бақытжан» шаруақожалығының иесі Бақытжан Нәлібаевтың айтуынша қар астында қалған уақ малының саны шамамен 250 бас болса, оның табылғаны 70 бас уақ мал. Табылған уақ малдардың құлақтарындағы сырғалары құлақтарымен бірге кесіп алынып, фотосуретке түсіріліп жинақталды. Қалғанын қар ерімей табу мүмкін болмады.
Сонымен қатар, ДК «Садуова» иесі жеке кәсіпкер Калмаш Садуованың дерегінше қар астында қалған уақ малының саны шамамен 57 бас болса, қар астынан табылғаны 7 бас уақ мал.
Оқиға орнына 2 тіркеме жоңышқа пресс шөбі жеткізілген. Қар астында қалған малдардың бастары қар ерігеннен кейін комиссия құрамымен қайта саналып есептеледі және бүгінгі күні де екі топ жұмыс жасауда.
Айта кетейік, Жаңақорған ауданы әкімдігінен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топ (6-адам, 2-Нива). Шаруақожалықтан (19-адам, 1-Нива, 2-МТЗ трактор тіркемесімен, 1-Газ-66). «Оңтүстік өңірлік аэромобилді жедел құтқару жасағынан» (10-адам, 1-Нива (Үлкен дөңгелекті), 1-Трэкол, 1-Камаз (Кунг)) автокөліктерімен барған.