Жерлестеріміз мемлекеттік премияның иегерлері атанды
ҚР Қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен, Мемлекет басшысының қатысуымен осы жылдың 27-28 қарашасында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» VIII Азаматтық Форумы болып өтті. Оған біздің облыстан 28 делегат қатысты. Форум елімізде әр екі жыл сайын өтеді.
Осы шараның делегаттары Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысты. Брифингте Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Жандос Базартай, «Ұмай» қайырымдылық үйінің директоры Анар Ізден, «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы қоғамдық қорының директоры Шынаркүл Жеңсікбаева, «Q-MED»корпоративтік қорының үйлестіруші Раушан Базарбай өз әсерлерімен бөлісті.
Жалпы, форумның мақсаты - мемлекеттің үшінші сектормен өзара қарым-қатынасын «қайта жүктеу» және үкіметтік емес ұйымдардың бизнес құрылыммен ашық диалогін дамыту болып табылады. Сондай-ақ, Форумда орта мерзімді кезеңдегі Азаматтық қоғамның дамуы тұжырымдамасының жобасын таныстыру болып табылады.
Форум шеңберінде диалог, пікірталас және сарапшылық алаңдары, орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен салалық кездесулер, оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды.
Айта кету керек, форумда Қызылорда облысынан мемлекеттік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік премия «Жетім балаларға, көп балалы отбасыларының балаларына көрсеткен көмек үшін», Мемлекеттік емес ұйымдардың «Таным» республикалық - қоғамдық премиясына 2 ҮЕҰ ие болды. Ол «Бала біздің болашағымыз» номинациясының иегері - «Ұмай» қайырымдылық үйі. «Дені сау ұлт – гүлденген Қазақстан» номинациясының иегері – «Q-MED»корпоративтік қоры. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақының лауреаты «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау» номинациясының иегері – «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы қоғамдық қоры. Сондай-ақ, "Ұмай" қайырымдылық қоры тағы да мемлекеттік премияның иегері атанды.