Елбасы қай бағытта қалыптасу керектігін көрсетіп берді
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұл көп жылдан бері еліміздің ұлттық тарихын жазудағы жұмыстардың жемісі деп білемін. Себебі Елбасы әлемде теңдесі жоқ «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдаған уақытта ұлттық тарихымызға қатысты деректер жинау басталған болатын. Бағдарлама барысында шетелдерден және отандық деректер көп жиналып, қордаланып қалды. Осы деректер аталған бағдарламаның нәтижесінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы ұлттық тарихымыз қай бағытта жазылуы керектігін көрсетіп отыр.
Мен айтар едім, бұл халқымыздың 7 қыры алда жазылатын тарихтың 7 үлкен тарауы. Себебі мұнда көне замандар, қола дәуіріндегі металургия саласы, сақтардың дала көшпенділерінің аңдық стилі, түркілердің империясы туралы, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар туралы айтылады. Бұл біздің бүгінгі тарихты қарай отырып, көне тарихтан сабақ алу болып табылады. Елбасы бұл мақаласы арқылы қай бағытта қалыптасу керектігін көрсетіп берді.
Әзілхан ТӘЖЕКЕЕВ,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Қазақстан тарихы
кафедрасының аға оқытушысы