ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ
Қасиетті жұма күнінде Жаңақорған ауданына қарасты Манап ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.
Мешіттің ашылу салтанатының қадірлі қонақтары ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов пен аудан әкімі Ғ.Әмреев аудан жұртшылығын қатар келіп жатқан мерекелерімен құттықтап, мешіттің лентасын қию мәртебесіне ие болды.
Мешіттің сыйымдылығы 150 адам.