ТАБЫСҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ
Елбасы өз Жолдауында білім саласына көбірек көңіл бөлді. Ол өз сөзінде орта білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптар Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесіндей бірыңғай стандарт болуы тиіс екеніне тоқталды.
Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау керектігіне тоқталған Елбасы, бұл заңда мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті жұмысты қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайтындығы туралы айтылуы тиіс деген болатын.
Шынымен де, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған еді. Енді бұндай кемшіліктерге жол берілмейтіндігі ұстаздар қауымының көңілінен шығып отыр. Сонымен қатар, Елбасы орта мектептің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие болатын мамандықтарға бейімдеу туралы пікірі - жас ұрпақтың болашағын айқындауға жол ашатындығының бір белгісі.
Бұл жолдау халықтың көкейінде жүрген мәселелердің шешілуіне қозғаушы күш болды деп есептеймін, ең бастысы, мемлекет басшысының тапсырмаларын сала- сала бойынша жауап беретін құзырлы органдар сапалы түрде орындауы үшін жұмыс жасаулары керек деп ойлаймын.
Жұмагүл ТІЛЕУҚАБЫЛОВА
Қармақшы аудандық мәслихатындағы
«Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі