«ҮЗДІК ҮЕҰ», «ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА» БАЙҚАУЛАРЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
2018 жылғы «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық – ресурс орталығы қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтетін «Үздік ҮЕҰ», «Үздік әлеуметтік жоба» байқауларының ережесін ұсынамыз.
Мақсаты
- Әлеуметтік және қоғамдық маңызды проблемаларды шешуде азаматтық бастамаларды қолдау;
- Үкіметтік емес ұйымдардың позитивті имиджін қалыптастыру, облыстың белсенді үкіметтік емес ұйымын және жүзеге асырылып жатырған үздік жобаны марапаттау арқылы әлеуетін арттыру.
Байқау ұйымдастырушысы: «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысына сәйкес «Өркениет - Қызылорда» қоғамдық қоры.
1. Жалпы ережелер
Байқауға әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған кез-келген идеялар мен жобаларды қарастыруды көздейді.
Байқауға қатысуға саяси партияларды, кәсіптік одақтарды, діни бірлестіктерді есепке алмағанда, коммерциялық емес ұйымдарға жол беріледі.
Байқау үш кезеңде өткізіледі:
1) Бірінші кезең – байқау комиссиясы мүшелерінің өтінімдер мен ұсынылған өтінімдерді бағалауы. Байқау өтінімдері мен қатысушылар санына шектеу қойылмайды;
2) Екінші кезең – «Үздік ҮЕҰ», «Үздік әлеуметтік жоба» іріктеу мақсатында байқау комиссиясының өтінімдерді қарастыруы;
3) Үшінші кезең – үздік жоба авторларын салтанатты түрде марапаттау.
- 2. Байқау өтінімдерін ұсыну тәртібі
Байқауға қатысу үшін белгіленген формаға сәйкес толтырылған (Қосымша 1) өтінімді және Power Point форматындағы жоба презентациясын (слайд) (Қосымша 2-ге сәйкес) ұсыну қажет. Өтінім электронды түрде «Өркениет-Қызылорда» қоғамдық қорының электронды мекен-жайына жолдануы aizhan_erlankyzy@inbox.ru немесе С.Бейбарыс көшесі, 4 ғимарат, 327 кеңсесіне тапсырылуы қажет.
Байқау талаптарына сәйкес емес өтінімдер байқауға қатысуға жіберілмейді.
- Байқауға келіп түскен құжаттарды құрылған комиссия отырысы қарастырады. Отырыс жабық түрде өткізіледі.
- Өтінімді қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 7 қазаны, сағат 17.00-ге дейін.
- 3. Іріктеу критерийлері
- 3.1. Байқауға Қызылорда облысының аумағында қызмет атқаратын, үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына уақытылы тіркелген үкіметтік емес ұйым қатыса алады;
- 3.2. Заңды тұлға ретінде тіркелген куәлігінің көшірмесі;
- 3.3. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына тіркелгендігін растайтын құжат;
- 3.4. Жарғының көшірмесі;
- 3.5. Ұйым басшысының түйіндемесі, суретімен қоса (қазақ және орыс тілдерінде);
- 3.6. Жоба туралы толық ақпарат (2 ден кем емес жоба ұсыну);
- 3.7. Жоба бойынша атқарылған жұмыстардың бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстарда жариялануы бойынша дайджест;
- 3.8. Жоба бағытталған нысаналы топтардың пікірі;
- 3.9. Жобаның әлеуметтік маңыздылығы;
- 3.10. Жоба аясында әлеуметтік мәселелерді шешудегі тәсілдердің жаңашылдығы мен маңыздылығы;
- 3.11. Жаңа инновациялық технологияларды, формалар мен тәсілдерді пайдалануы;
- 3.12. Жоба аясында тартылған бюджеттен тыс қаражат және қосымша шаралар туралы мәлімет;
- 3.13. Іс-шараны жүзеге асырудағы әлеуметтік әріптестік тараптар;
- 3.14. Байқау барысында талап етілген құжаттардың толық тапсырылуы міндетті;
- 3.15. Байқау жеңімпаздары конкурстық комиссия шешімімен белгіленеді;
- 3.16. Өтінім байқаудың шартына сәйкес болуы;
- 3.17. Байқаудың комиссия мүшелігіне енген қоғамдық қор, қоғамдық бірлестіктер байқауға қатыса алмайды;
- 3.18. Байқауға тапсырылған құжаттар қайтарылмайды.
- 4. Байқауға жобалар келесі тақырыптық бағыттар бойынша қабылданады
- 4.1. Денсаулық сақтау саласы;
- 4.2. Білім саласы;
- 4.3. Кәсіпкерлік және туризм саласы;
- 4.4. Жастар саясаты;
- 4.5. Ұлттық құндылықты насихаттау (қазақ халқының ұлттық құндылықтары: тіл, салт-дәстүр);
- 4.6. Азаматтық қоғам институттары.
- Марапаттау рәсімі
- Жеңімпаз облыстық Азаматтық форумда арнайы сыйлықпен марапатталады.
- Марапаттау рәсімінің уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.
- Қосымша ақпарат алу үшін: 87767176006