ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ СУ УАҚЫТША ТОҚТАЙДЫ
Қалалық ауыз су жүйесіндегі судың қысымын көтеруге және 2018-2019 жылдардың қысқы жылу маусымына дайындығына байланысты 2018 жылдың 20 қыркүйек күні кешкі сағат 18:00-ден 21 қыркүйек күні сағат 12:00-ге дейін «Қызылорда қаласы Абай даңғылы «Южный» шағын ауданында орналасқан су жүйесінің ауыстыру камерасындағы ескі су құбырларын ажырату жұмыстары жүргізіледі.
Көрсетілген уақыт аралығында қала орталығына, Арай, Ипподром, Саяхат, Саулет, Астана, Сырдарья шағын аудандарына және Тасбөгет кентіне ауыз су берілуі уақытша тоқтатылады.
Ал Ақмешіт, Мерей, Титов, Гагарин, Қызылжарма, Шанхай, Коммунизм, КБИ және Әл-Фараби тұрғын аудандарында ауыз су бірқалыпты үздіксіз беріледі.
Тұтынушылардан қажетті ауыз су көлемін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.