КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 23 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӘРБІР 23-ШІ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫҒА СЫЙЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалында мерекелік іс-шара өтті. Ата заңымыздың 23 жылдығына орай халыққа қызмет көрсету орталығына келген әрбір 23-ші азамат сыйлыққа кітап алды.
Сәтті кезек иелері 100-ге жуық кітаптың ішінен өзіне қызықтысын таңдап алу құқығына ие болды. Оның ішінде саяси-қоғамдық, тарихи кітаптармен қатар, әр кітапхананың төрінен орын алған туындылар - Елбасының кітаптары да болды.
«Біз әр қызмет алушының көңілінен шығатындай түрлі тақырыптағы кітаптарды жинадық. Кітапқұмар қауымның қатарында жастарымыздың көптігі қуантады. Кітап – қай кезде де құнды сыйлық болып қала бермек»,- деді филиал директоры Айдын Қайруллаев.