ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ – СПОРТ
Сол себепті біздің ауданда салауатты өмір салтын ұстанатын жандар мен жастардың қатарын көбейтуге, бұқаралық спортты дамытуға міндеттіміз.
Есепті кезеңде тұрақты түрде спортпен шұғылданушылардың саны 21 мың адамға жетіп, 27 пайызды құрады.
Биыл спорт саласында жоспарланған жұмыстарды атқару үшін бюджеттен 69 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жасалуда.
Сонымен қатар, аудан орталығында 5 жасанды спорт алаңына жөндеу жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қазалы қаласы мен Майлыбас ауылдық округінде спорт алаңдары салынып жатыр.
Әйтеке би кентінен 2 спорт алаңы құрылысының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 3 млн. теңге қаралып, жұмыстары жүруде.
Бұдан бөлек, аудан орталығындағы «Жалаңтөс баһадүр» стадионына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.