ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ СӨЗ БОЛДЫ
«Достық үйінің» мәжіліс залында облыстық қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауы өткізілді. Онда аймақ мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы сөз болды.
Жиынға облыстық білім басқармасы басшысынның орынбасары Құралай Ершатова, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Сәулет Сахиев, қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ жетекшілері мен қала тұрғындары қатысты.
Қоғамдық тыңдауға қатысқан қала тұрғындары білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын қозғады. Мектептердегі ас блоктарының жағдайы мен медициналық кабинеттермен жабдықталуын. Санитариялық-техникалық, гигиеналық жағдайының, тамақтандыруды ұйымдастыру және білім беру процесі сапасының деңгейі туралы сұрақтар қойылды.
Қоғам белсенділерінен қойылған сұрақтарға облыстық білім басқармасы басшысынның орынбасары Құралай Ершатова жауап берді. Ол өз сөзінде санитарлық нормалардың сақталуына және мектепте тиімді гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатындығын баса айтты.