ЖЕРДІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ МЕН ҚОРҒАЛУЫН БАҚЫЛАУ
Қызылорда облысы әкімідігімен 2015-2018 жылдары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты екі «Бағдаржол», «Жол картасы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы және «Көкнар-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы бекітілген болатын.
Бекітілген шараларға сәйкес 2018 жылдың І-ші жартыжылдығында облыс көлемінде Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ҚР жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген бақылау шаралары саны – 139, оның ішінде: ішінара – 9, жоспардан тыс – 39, бақылаудың өзгеде нысанында – 91. (Заңды тұлға – 25, жеке тұлға – 73, жеке кәсіпкер – 41).
Тексерулермен барлығы 15810 гектар жер учаскелері қамтылып, нәтижесінде көлемі 8384,7 гектар жер учаскелерінде 113 субъекті тарапынан 114 заң бұзушылық деректері анықталды.
Орын алған құқық бұзушылықтардың 57 дерек бойынша 23069,213 мың теңге көлемінде айыппұл, 57 дерек бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жазалар қолданылды.
Салынған айыппұл сомасының 21926,838 мың теңге айыппұлдар өз еріктерімен мемлекет бюджетіне өндірілді (95%).
Елбасы 08.08.2017 жылы пайдаланылмай жатқан немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылып жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою тапсырылған. Тиісінше бұл мәселе 2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарына да енгізілді.
Жалпы, өңірімізде мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған ауыл шаруашылық жерлерін мемлекет меншігіне қайтарудың үш тәсілі қолданылып келеді. Атап айтқанда, сот органдары арқылы мәжбүрлеп алып қою, жалға беру шарттарын бір жақты бұзу және түсіндіру шараларын жүргізу нәтижесінде жер пайдаланушылар тарапынан өз еріктерімен қайтару арқылы.
2015-2018 жылдары игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 192767,7 гектарды құрайтын 456 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. 2017-2018 жылдары жер учаскелерін пайдаланбаған немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланған тұлғалардың жалпы көлемі 82223,42 гектар болатын 356 жер учаскелерінің (А/ш мақсатындағы жерлер 108, көлемі 82102,43 гектар, кәсіпкерлік мақсатындағы жерлер 248, көлемі 120,99 гектар)жер салығының мөлшері жоғарылатылды.
Нәтижесінде, 2017 жылы 18 млн 801 мың теңге, бюджетке қосымша салық түсті. 2018 жыл аяғына дейін шамамен 25-30 млн теңге қосымша салық түседі деп күтілуде.
Сондай-ақ, басқармамен, өз мақсатында пайдаланылмай не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан 14 жер учаскелерді мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданды.
Нәтижесінде 3 жер учаскелерді (көлемі 648,0686 гектар) мемлекет меншігіне қайтару жөнінде соттың шешімдері қабылданды, қалған 11 жер учаскелеріне қатысты (көлемі 6076,207 гектар) талап-арыздар соттың қарауында.