«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚҚА СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРДЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы биылғы жылдың 3 айында 2760 қызылордалыққа цифрлық сауаттылығын арттырғаны туралы сертификат табыстады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан қысқа мерзімді курстарда түрлі мамандық иелері кең қолданыстағы цифрлық тұғырнамалармен дұрыс әрекет ету жолдарын үйренуде. Оқытусабақтары Халыққа қызмет көрсету орталықтарының алаңында немесе жергілікті мекемелердің шақыруы бойынша арнайы мобильді топтармен жүргізілуде.
Шара барысында филиал мамандар тыңдаушыларға қарапайым электронды үкімет порталына тіркелуден бастап, электронды цифрлық қолтаңба және бір реттік смс-хабарлама арқылы онлайн форматта алуға болатын анықтамалар, сондай-ақ проактивті, композитті қызметтер туралы толық ақпарат беруде. Бұған дейін мемлекеттік корпорация мүддел мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік қызметкерлерге, білім және медицина және басқа да еңбек ұйымдарында 20 мыңға жуық адамға цифрлық қызметтер алу дағдылары бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.
Бүгінде филиалдың барлық фронт-офистерінде «ConnectionPoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс жасайды. Онда азаматтар өзбетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 450-ден аса электрондық қызмет пен сервистер алуға мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, жыл басынан бері «ConnectionPoint» арқылы 500 мыңға жуық қызылордалық өздігімен қызмет алған.