ДОНАЛЬД КУРАТКО. «КӘСІПКЕРЛІК: ТЕОРИЯ, ПРОЦЕСС, ПРАКТИКА»
Бұл кітап ХХІ ғасырдағы экономикалық, қоғамдық жəне əлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кəсіпкерлік құбылысты теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған.
Кітап бизнесі бар кəсіпкерлер мен болашақта кəсіпкер болғысы келетін жастарға, жоғары жəне кəсіби оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, кəсіпкерлікті зерттеп жүрген қауымдастыққа, осы салаға қызығушылығы бар қалың оқырманға арналған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі МВА курсының оқулығы ретінде ұсынылады.