БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда қаласындағы «Бастау» бизнес орталығында орналасқан «Кәсіпкерлер үйінде» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен кәсіпкерлерді қатыстыра отырып кездесу өткізілді.
Кездесу барысында департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Н.Жакудаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында баяндама оқыды.
Іс-шара қорытындысымен кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді.