НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕП БЕРДІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Инстаграмдағы Akordapress парақшасында жарияланған видеороликте балалық шағы туралы естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Туған ауыл, туып-өскен таулар, сол тау-тастың арасында сылдырап аққан ақ көбікті өзендер. Тауда жайқалған қызғалдақтар, қызыл түске боялған тау бөктері. Сол қызыл кілемнің үстінде ойын-сауық құратынбыз, доп тебетінбіз, сонан соң жидек теру үшін тауға шығып кететінбіз – осының бәрі әрқашан ойға оралады.
Қиын жағдайға тап болған кездерде, түнде ой құшағында жатқанда, сол сүрлеумен жүріп, анаммен бірге аттың үстінде отырғанымды, оның мен ұйықтағанда құлап кетпесін деп байлап қоятынын еске аламын. Биік таулардың арасында келе жатқанымыз, төменде гүрілдеп аққан өзеннің әуені еске түседі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.