ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ

Іс-шараның мақсаты - жастарымыздың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы - домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта - ықыласын арттыру.
Мерекелік іс-шара бағдарламасында домбырашылар ансамблдерінен қазақ күйшілерінің шығармаларынан попурри, термелер, күйлер, трио ансамблдерінен әндер орындалды.

